Егіздер көбейді
Бір күнде бір емес, екі бірдей сәбидің дүниеге келуі – ата-ана үшін ерекше. Ал Ақтаудағы перзентханада екі күннің ішінде төрт ана егіз баланы дүниеге әкелді. Бірі қос ұлдың, бірі қос қыздың, енді бірі ұл мен қыздың ата-анасы атанды. Қос қуанышқа кенелген отбасылардың шаттығында шек жоқ.