Оқушылар экомаркер мен цифрлық платформа әзірледі
Мұнайлы ауданының жас зерттеушілері экомаркер ойлап тапты. Екінші сынып оқушылары жемістер мен көкөністерден табиғи бояу алып, оны фломастер сиясы ретінде қолдануды зерттеген. Ал үшінші сынып оқушылары жасанды интеллект көмегімен ағылшын тілін үйрететін цифрлық платформа әзірледі. Екі жоба да облыстық байқауда үздік деп танылып, республикалық кезеңге жолдама алды.