Оқушыларға кәсіби бағдар беретін платформа
Бейнеу ауданындағы бірқатар мектепте оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беретін арнайы цифрлық платформалар іске қосылды. Жаңа жүйе арқылы шәкірттер мамандықтар атласымен танысып, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер туралы ақпарат алады. Сондай-ақ цифрлық көмекші арқылы өз қызығушылығы мен қабілетіне сай мамандықты таңдау мүмкіндігіне ие.