Табиғатқа қамқорлық – балалық шақтан басталады
Ақтаулық бүлдіршіндер «Таза Қазақстан» акциясы аясында ботаникалық баққа саяхат жасады. Танымдық экскурсия барысында саябақ қызметкері балаларды мұндағы сан алуан өсімдік түрлерімен, соның ішінде Қызыл кітапқа енген және сирек кездесетін жасыл желектермен таныстырды.