"Ақ таяқ" - мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау
Халықаралық зағиптар күніне орай Ақтауда дәстүрлі «Ақ таяқ» атты мәдени-танымдық шара өтті. Оған Маңғыстау облысының бес ауданы мен екі қаласынан келген қатысушылар қатысты. Басты мақсат – көру қабілеті бұзылған жандардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.