Биыл 390 шала бала өмірге келді
Дүниежүзілік шала туған балалар күніне орай «Ана мен бала» орталығында ерекше мерекелік шара өтті. Биыл орталықта мерзімінен бұрын 390 сәби дүниеге келген. Олардың әрқайсысының өмірі үшін дәрігерлер күн сайын қадағалап, бақылайды. Сәбилердің денсаулығын нығайтып, қалыпты өмірге бейімдеу – ұзақ уақыт пен жоғары жауапкершілікті талап ететін үдеріс.