Негізгі Жаңалықтар Мектеп оқушыларына шұбат беріледі

Мектеп оқушыларына шұбат беріледі

Жаңаөзен қаласындағы мектеп оқушыларына шұбат беріле бастады. Ұлттық сусынды білім беру ұйымдарының ас мәзіріне енгізу өңір басшысының тапсырмасымен қолға алынған. Енді оқушылар екі аптада бір рет 200 миллилитрлік құтыдағы шұбатты тегін ішеді. Бастама балалардың дұрыс тамақтануын қолдауға және ұлттық сусынның тұтынылуын арттыруға арналған.



Бөлісу