« Исі жаман.Шығалмаймыз, далаға отыра алмаймыз. Жаздың кезінде далаға отырғың келеді, ұйықтағың келеді, далада шәй ішкің келеді. Міне үйімнің қасы мусор. Мынандай болып тұрады. Болмайды бұлай негізі деген. Жер сыпыратындар жағып кететін сияқты».
Көтере алмасаң, қосып арқала. Жаңаөзенде қоқыстар апталап емес, енді айлап алынбайтын болған. Мынау «Ақсу» шағын ауданының 16-көшесі. Қоқыс жәшіктері көше бойына бір жерге топтастырылып қойылған. Тұрғындар тау болып үйілген тұрмыстық қалдықтан да, одан шығатын жағымсыз иістен де әбден мазамыз қашты деп отыр. Әлеуметтік желіге түсіріп те жіберіп жатырмыз. Көршілер болып қалалық әкімшілікке барып арыз жазуға мәжбүрміз. Жақында жергілікті атқарушы орган өкілдері келіп, осы мәселені шешіп, айналасын қоршап береміз депті. Алайда нәтиже жоқ дейді олар.
Зейнеп Бекенова - Рахат ауылының тұрғыны
«Қоқыс деген біздің мазамызды алып болды шынын айтқанда. Бір апта, бір аптадан да асып кетеді мусор тазаланбайды.Иісі деген қатты алып кетеді. Мына терезелерімізді аша алмаймыз. Есігіміздің дәл түбінде тұрған соң аша алмаймыз. Кейде ашық қалады. Балдар ашып кетеді. Үйдің іші деген мусордан толады. Күнделікті осы».
Ерсұлтан Балтаев - қала қонағы
«Күнде алып тұру керек мусорды. Бұлар 2-3 күнде бір- ақ алады.Мынау үйіміздің айналасы пакет пен баклашкаға айналып кетті. Ең болмаса мынаны біздің қалада үш жағынан қоршап қойған, сондай қоршау жасаса далаға ұша бермейді мусор. Ол мусорный жәшіктер керек конечно бізгеде. Соны дұрыс пайдалану жолын қарастыру керек қой.Менің келгеніме 10 шақты күн болды. Бар болғаны 2- ақ рет жинады өзімнің көрегенім. Мен енді ештеңе айта алмаймын жергілікті тұрғын болмағандықтан. Бауырымның үйінде жатырмын бірақ көріп жүргенім осы».
Айналаңызға көз жүргіртіп қарасаңыз аузы мұрнына дейін толып тұрған жәшіктер мен күл-қоқыстың сыртқа төгіліп жатқанын көресіз. Сасық иісі қолқаны қабады. Бұл маңдағы тұрғындар балаларын емін-еркін ойната алмайды. Себебі, балаларының денсаулығына алаңдайды. Одан бөлек, ауық-ауық қоқысты өртеп кетеді. Иісінен дем алу мүмкін емес. Кімнің жасап кететінін де білмейміз дейді олар. Ал, төтеншеліктер болса қоқыстың уақытылы алынбауынан соңғы кездері өртеу фактісі көбейіп отырғанын айтады. Сондықтан, қазіргі кезде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқандарын жеткізді.
Жасұлан Елубаев - Жаңаөзен қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері
«Осы бағытта қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары және жергілікті газеттерге мақалалар жариялануда. Осы қоқыс қалдықтарының жануы бойынша бөлім тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және жауапты құзырлы мекмелерге хат жолдануда».
Жалпы, қаламызда қоқыс мәселесі соңғы жылдары тым өзекті болып кетті. Жауапты «Тазалық- С» мекемесі мамандарының айтуынша жұмыстар кестеге сай күнделікті атқарылуда. Қазіргі кезде 9 цех бойынша 25 техника жұмыс жасайды. Одан бөлек, 6 камаз бұрын 8 сағат жұмыс істеген болса, қазір қызметкерлер 11 сағат демалыссыз жұмыс істеп жүр. Елді мекендердегі тазалық мәселесі сын көтермей тұрғандықтан соңғы уақытта кестеге сай қосымша техникалар шығарылып отыр. Қызметкерлердің сөзінше, тұрғындар тарапынан да олқылықтар бар. Олар үйлерінен шыққан жиһаздарды әкеліп тастап, қалдықты дұрыс төкпейтін көрінеді.
Анарбек Қарақұлов - «Тазалақ-С» ЖШС өндірістік бөлімінің бақылаушысы
«Қала мен оған іргелес елді мекендерде «Астана», «Бәйтерек» шағын аудандары бойынша күнделікті техникалар бізде шығып тұр «Мұнайлы», «Бостандық» шағын аудандары бойынша. Рахат ауылы бойынша бізде оғанда қосымша техникалар қостық. Осы бір аптадай болды. Сосын көше аралап тағы да 3 қитай автокөлігін күнделікті үй-үйді аралап мусорларды алады. Айлап алынбайтын кездер болмайды. Кейде енді апталап алынбайтын кездер болып қалады ремонтқа тұрып қалатын кездер болмаса, ремонтқа тұрса да резервте тұрған машиндерді шығарып алғызып тұрмыз».
«Қала мен оған іргелес елді мекендер бүгінде күл қоқыстан арылмай отыр. Айлап алынбайтын қоқыстан шаршаған тұрғындар жаздың аптап ыстығында қайталанатын жағдай осы дейді. Олар жергілікті атқарушы органдар берген уәделерінде тұрып, мәселені шешіп берулерін сұрайды».