Түпқараған ауданында ақын, журналист Бекқали Қарабалин құрметіне жазылған кітаптың тұсау кесері өтті. Ол жастайынан қалам мен параққа құмар болып, ел жадында мәңгі қалатын бірнеше шығарма жазған. Соғыс індеті боздақтарымызды жалмап, әдеби-интеллектуалдық әлеуетімізге де жойқын соққы жасады. Небір дарындылар кемеліне келер тұста, ажалын шынашақтың басындай қорғасын оқтан тауып, «Бауырластар зиратында» тарихтың терең қойнауында қала барды.