Бүгін облыс әкімі халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарған маңғыстаулық дарындылар мен ата-аналарға құрмет көрсетті. Қабілетімен көзге түскендердің бірі  Ырысжан Сансызбай. Болашақ инженер робототехника бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен хакатондардың бірнеше мәрте жеңімпазы. 8 жылдан астам тәжірибесі бар ол Arduino, STM32, Raspberry Pi платформаларымен еркін жұмыс істейді. Студент ауыл шаруашылығы мен білім беру саласына арналған смарт құрылғылар жасап, сондай-ақ Jetson Nano, Raspberry Pi және STM32 негізінде автономды роботтар құрастырған. «Elbasy» медалінің қола және күміс иегері атанған ол Yessenov Technopark зертханасында қызмет етеді.