Ақтауда әуесқойлар арасында шағын футболдан көктемгі маусым өтуде. Биылғы біріншілік бес деңгейлі жүйе бойынша - супер, жоғары, 1, 2, 3 лига болып ұйымдастырылған. (ЗКТ) Облыс бойынша 42 команда тіркеліп, 800-ден аса ойыншы жасыл алаңда өз шеберліктерін көрсетіп жатыр. Спорттан шет қалмайтын ардагерлер ойынға ат салысты. Олар 40 және 50 жастан жоғары жас ерекшеліктеріне сай жеке санатта бақ сынап жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойын мамыр айының соңына дейін жалғасады. Әр лига мен жас санаты бойынша үздік үш команда маусым айында өтетін «Кубок» жолындағы бәсекеге қатысады. Жеңімпаздар республикалық чемпионатқа тікелей жолдама алады.