«Ер-елінің қорғаны» Форт-Шевченко қаласында Отан қорғаушылар күнінде салтанатты жиыны өтті. Мерекелік шараға тыл ардагерлері, теңіз шекарашылары, аудан басшысы мен тұрғындар қатысты. Бұл күні тыл ардагерлері ҚР Президентінің жарлығы бойынша “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерекелік медалімен марапатталса, әскери қызметшілер облыс және аудан басшысының алғыс хатына ие болды.