Қарт Каспийдің жағасында II Халықаралық "Әбіш әлемі" фестивалі салтанатты түрде ашылды. Онда маңғыстаулықтар бірқатар өнер қайраткерімен жүздесіп, ерекше кештің куәсі болды. Нұрмұхан Жантөрин атындағы драма театрының әртістері ұсынған концерттік бағдарламаны да тамашалады.