Қ.Қинақұлының 150 жылдығы аталып өтті
Биыл Маңғыстаудың сәулет өнеріне өзіндік үлес қосқан сәулетші әрі зергер Қапаш Қинақұлының туғанына 150 жыл. Осыған орай Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде танымдық кездесу өтті. Шараға сәулетшінің ұрпақтары, студенттер мен музей қызметкерлері қатысты.