Негізгі Жаңалықтар Кәсіби дағдыларды дамыту орталығы ашылды

Кәсіби дағдыларды дамыту орталығы ашылды

Жаңаөзен қаласында әкімдік пен Plenitude компаниясы серіктестерінің қолдауымен, «Qadam» оқу орталығы ашылды. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар жергілікті тұрғындардың кәсіби және практикалық дағдыларын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бағдарлама аясында тігін ісі, мобилография, шаштараз ісі, салон қызметтері және басқа да қолданбалы бағыттар бойынша қысқа мерзімді оқу курстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ , аталған компания қолдауымен Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына заманауи медициналық құрылғы табысталады.


Бөлісу