Н.Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандармен танысты
Жаңаөзенде салынып жатқан Кендірлі әуежайын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Ал Ақтау қаласында салынып жатқан қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысының құрылыс-монтаждау жұмыстары 70%-ға орындалды. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстауға жұмыс сапарымен келіп, стратегиялық маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты.