Мектеп асханасында ас мәзірі жаңарды
Маңғыстауда мектеп асханаларындағы ас мәзірі жаңарды. Енді тағам құрамындағы қант пен тұз азайтылып, көкөніс, жеміс-жидек пен сүт өнімдері көбейтілді. Бұған балалар арасында артық салмақ көрсеткішінің өсуі де себеп болып отыр. Өңірде бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға артқан. Жаңа ас мәзірінің ерекшелігі мен оның балалар денсаулығына пайдасы қандай? Аягөз Оралбайқызы тарқатады.