"Заңды құрметтейтін ұрпақ": жастармен кездесу өтті
Түпқараған ауданында прокуратураның ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заңды құрметтейтін ұрпақ» атты жастармен кездесу өтті. Жиынға оқушылар мен студенттер, сондай-ақ ата-аналар қатысты. Екі жүзге жуық адам қамтылған кездесуде буллинг, сталкинг және қазіргі таңда жиі кездесетін алаяқтық мәселелері талқыланды.