Негізгі Жаңалықтар Жас дзюдошының жеңіс жолы

Жас дзюдошының жеңіс жолы

Бейнеулік жас дзюдошы Арай Сексенбай Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Жас спортшы ел біріншілігінде Маңғыстау облысының намысын қорғады. Ал жалпыкомандалық есепте өңір құрамасы топ жарып, бірінші орынды иеленді. Дзюдомен небәрі бір жарым жылдан бері айналысып жүрген Арай осы уақыт ішінде облыстық және республикалық деңгейдегі бірқатар жарыста жүлдеге қол жеткізген. Бүгінде ол - спорт шеберлігіне үміткер. Жас дзюдошы үшін бұл - үлкен спорттағы алғашқы маңызды белестердің бірі. Енді Арай алдағы жарыстарда бұдан да биік нәтижелерге қол жеткізіп, ел намысын халықаралық додаларда қорғауды мақсат етіп отыр.



Бөлісу