Жаңаөзенде Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешенінде каратэ-до кекушинкайдан II Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Біріккен Араб әмірлігі, Тәжікстан, Малазия, Ресей Федерациясы және Қазақстанның спортшылары бақ сынады.