Жол ашылды
17-ші бекеттегі көпір астындағы жол ашылды. Кеше көпірге жүк көлігі соғып зақым келген болатын. Салдарынан жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында - Ақтауға кіретін көліктерге Құрық бағытын, ал шығатын көліктерге Маңғыстау және Қызылтөбе елді мекендері арқылы өтетін жолды пайдалану ұсынылды. Жол көлік оқиғасынан кейін зардаптарды жою және зақымданған жерді қалпына келтіру жұмыстары бірден басталып кетті. Ал бүгін сағат 12-ден бастап көлік қозғалысы қайта қалпына келді.