Негізгі Жаңалықтар Екі сарбаз әскери қызметін атқарып жүр

Екі сарбаз әскери қызметін атқарып жүр

Каспийде өткен оқу-жаттығуға қатысқан 2 матростың аты-жөні тізімге енбей қалған. Олар қайда жоғалып кетті? Әлеуметтік желіде мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар туралы көпшілік арасында осындай пікірлер тараған еді. Халықтың ойына қатысты Ақтау гарнизонының өкілі арнайы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Әскери-теңіз күштері ұйымдастырған оқу-жаттығу кезінде жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болған. Қатардағы жауынгерлер Айнар Ахметов пен Әли Мағауия да сол топпен бірге тиісті оқу міндеттерін орындаған. Қазір біз атаған жастар әскери бөлімдерінде күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр.


Бөлісу