28-қаңтар күні маңғыстаулық онкологтар ашық есік күнін өткізеді. Бұл күні нәзік жандылар облыстық онкологиялық диспансерге барып, мандардан кеңес алып, өз денсаулығын тегін тексерте алады. Айта кетейік, шара халықаралық жатыр мойны обырының алдын алу апталығы аясында ұйымдастырылып отыр.