Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
Қазақстанның Каспийдегі теңіз порттары арқылы жүк тасымалы артып келеді. Биыл Ақтау портынан 6 миллион тоннаға жуық жүк жөнелту жоспарланған. Ал Құрық порты жылына 7 миллион тоннаға дейін жүк өткізе алады. Бүгінде порттардың өткізу қабілетін одан әрі арттыру үшін, инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру жұмыстары қатар жүріп жатыр.