Өңірде "Қайыртпай кеткен Қашаған" атты облыстық жас ақындар айтысы өтті. Додада мектеп оқушыларымен қатар Алматы, Астана, Орал қаласында білім алып жүрген маңғыстаулық жас ақындар да бақ сынады. Рухани шараның өтуіне облыстық білім басқармасы ұйытқы болды.