Екі жебе, екі ондық: корейлерді таңғалдырған мерген қыз
Тақырыпты жалғастырамыз. Сеул төріндегі қазақ этноауылының ашылуында Жанай Құрманғали дәстүрлі садақ атып, көпшіліктің назарын аударды. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Парлментінің Спикері Чо Чжон Шикті этноауылда қарсы алды. Жанай екі жебені де нысананың ондығына дәл тигізіп, мергендік шеберлігін көрсетті. Қазақтың дәстүрлі садақ ату өнерін корей жұртшылығының алдында таныстырған жас мергенмен біз тікелей байланыста.