Түйе шаруашылығы - табысты кәсіп
Қызан ауылында ата кәсіпті заманауи тәсілмен ұштастырып жүрген шаруашылықтар бар. Солардың бірі - түйе өсірумен айналысып, өңірдің дәстүрлі тағам өндірісіне үлес қосып отырған қожалық. Кәсіп иесі бұл істі табыс көзімен қатар, ұлттық құндылықты дәріптейтін бағыт ретінде дамытып келеді.