Негізгі Жаңалықтар Жол апатынан төрт адам қаза тапты

Жол апатынан төрт адам қаза тапты

Ақтау-Бейнеу автожолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Оқиға 16 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, Жетібай ауылынан Шетпе ауылы бағытында келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі жол үстінде тұрған түйеге соғылған. Соққыдан кейін көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.  


Бөлісу