Жаңа жүйе, жаңа талап
Бейнеу ауданында тұрмыстық қалдықтарды жинаудың жаңа жүйесі енгізілді. 2 қыркүйектен ресми түрде жұмысын бастаған «Таза Бейнеу» коммуналдық кәсіпорны Бейнеу ауылын 6 аймаққа бөліп, қоқыс шығару кестесін бекітті. Енді тұрғындардың қалдықтары белгіленген күндері үй алдынан арнайы көлікпен жиналады. Кәсіпорын аптаның алты күнінде қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, мекеме елді-мекенді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын да атқарады.