Облыстың Бас имамы жергілікті кәсіпкерлерді рамазан айында азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға шақырды.Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы да өз үндеуінде айтқан еді. Қасиетті айдың құрметі үшін халықтың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен тамақ құнын 10 пайызға дейін төмендету ұсынылды.