Инсульттің алдын алу – әркім білуі тиіс маңызды ақпарат
Ақтауда инсульттің алдын алуға және тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік акция өтті. Шара барысында тұрғындарға аурудың алғашқы белгілерін қалай анықтауға болатыны, алғашқы көмек көрсетудің маңызы және мұндай жағдайда әр минуттың қаншалықты құнды екені түсіндірілді.