Серікбол Қондыбай алаңы ашылды
Мұнайлы ауданындағы №11 мектепте көрнекті ғалым, географ әрі этнограф Серікбол Қондыбайдың есімі берілген алаң ашылды. Бірегей зерттеушінің өмір жолы мен ғылыми мұрасы жас ұрпаққа дәріптелді. Сонымен қатар, ғалымның еңбектері таныстырылып, оның қазақ халқының тарихы мен дүниетанымын зерттеуге қосқан үлесі сөз болды. Сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттап, жастардың ұлттық танымын кеңейтуге басымдық берілді.