Бекбаулы Моншаұлы рухани мұрасына арналған конференция
Маңғыстауда белгілі емші, сынықшы әрі көріпкел Бекбаулы Моншаұлының рухани мұрасына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. Басқосуға еліміздің әр өңірінен тарихшы-ғалымдар, өлкетанушылар мен тарихи тұлғаның ұрпақтары жиналды. Алқалы жиында бабаның шипагерлік мектебі мен елге сіңірген еңбегі жан-жақты сараланды. Тақырыпты тілшіміз сабақтайды.