Ақтауда республикалық хакатон басталды
Бүгін Ақтауда республикалық хакатон басталды. Еліміздің барлық қаласында бір мезгілде өтіп жатқан технологиялық додаға биыл 5 мыңнан астам өтінім түскен. Ал Ақтаудағы өңірлік кезеңге IT-әзірлеушілер, жасанды интеллект инженерлері, Web3 саласының мамандары мен студенттерден құралған 198 қатысушы жиналды. Қатысушылар ұсынылған кейстер негізінде инновациялық жобалар әзірлеп, тәлімгерлерден кері байланыс алады. Сондай-ақ өз шешімдерін техникалық қазылар алқасының назарына ұсынып, білімдері мен кәсіби біліктіліктерін сынға салады.