Маңғыстау медицинасы: 35 жылдағы жаңғыру
Тәуелсіздік жылдары Маңғыстау медицинасы түбегейлі жаңарып, жаңа даму кезеңіне қадам басты. 1991 жылы өңірде небәрі бір томограф болса, бүгінде дәрігерлер ядролық диагностика мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, күрделі оталарды заманауи әдістермен жүргізіп келеді. Биылдың өзінде денсаулық сақтау саласына 118 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.