Жыл басынан бері өңірде 60-қа жуық ерте жүктілік дерегі тіркелген. Бұл 6 айдағы көрсеткіш. Кәмелет жасына жетпей ана атанғандардың саны былтырмен салыстырғанда 2 пайызға артқан. Маңғыстау, қыздардың ерте жүктілігі бойынша басқа аймақтарға қарағанда алдыңғы орында тұр дейді - облыстың штаттан тыс гинеколог дәрігері Айжан Алипанова.