Ақтауда І облыстық "Абысын - ажын" байқау -фестивальі өтті.  Шара "Қазақ аналары -дәстүрге жол" облыстық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және  "Аманат" партиясының облыстық филиалының қолдауымен жүзеге асты. Мақсат -отбасының берекесін арттырып, ағайын арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Оған қоса, қатысушылар ұлттық құндылық пен салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты дәріптеді.