Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-ші сессиясы өтті. Жиынға Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ардагерлер, саяси партия филиалдарының төрағалары мен мәслихат депутаттары, Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан және Иран елдерінің өңірдегі Бас консулдары қатысты.