Елімізде соңғы бес жылда 75 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 100 мыңға жуық адам зардап шекті. Бұл туралы Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесі отырысында айтылды. Апаттардың төрттен біріне себеп - жылдамдықты асыру. Жыл басынан бері 233 жол-көлік оқиғасы болған. 155 адам түрлі жарақат алып, 40 жолаушы көз жұмды. Жиында өңір әкімдеріне министрліктермен бірлесіп қосымша жаяу жүргіншілер өткелдерін салуды пысықтау, жол белгілерін орнату мен құқық бұзушылықты тіркейтін автомат камералар желісін кеңейтуді қамтамасыз ету ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылар үшін қауіпсіз орта құруға ерекше назар аударылмақ.