"Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 690.000-мың тенге айыппұл салынды. Шенеунік Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзғаны анықталды. Естеріңізге сала кетейік, Ақтау қаласының әкімдігі бес модульдік дәретханалар орнатуға 87 млн. теңгеге бюджет қаражатын жұмсаған. Аталған мәселе бойынша құзырлы орган тексеру жүргізіп, нәтижесінде шенеунік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы бойынша айыппұл төлейтін болды.