Биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл, ал түрік сыртқы істер министрлігінің құрылғанына 500 жыл. Қос мерекеге орай Ақтауда «Түркия ғасыры» атты шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар түріктің халық ақыны Ашык Вейселді еске алды. Оған өңірдің құрметті азаматтары, жергілікті мәслихат депутаттары мен «Қазақстан халықтары Ассамблеясының» қызметкерлері атсалысты. Жиында сөз алған Түркия Республикасының шаһардағы бас консулы игі істің маңызына тоқталды. Қос мереке мен жыр иесіне арналған шара Астана қаласындағы елшілік пен Алматы қаласындағы бас консулдықта да ұйымдастырылды.