Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңі басталды. Оған 9-11 сыныптың білім алушылары қатысады. Білім бәйгесінің басты мақсаты - шалғай елді мекендердегі дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету. Бұл бастама оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатыр. Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі Ақшұқыр ауылында өтті.