Ақтауда оқушылар мен колледж студенттерінің қатысуымен «Мен жастарға сенемін» спектаклі сахналанды. Көрерменге жол тартқан көрініс «ЖасАрт» театрының кезекті қойылымы. Спектакль қазақтың ұлы ақыны, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың өлеңі негізінде қойылды.