Көлігінің дөңгелегін қысқыға ауыстырмаған жүргізушілер айыппұл арқалайды. Ережені елемегендер - 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 17 250 теңге төлейді. Ал, егер дәл осы жағдай бір жылда қайталанса екі есе айыппұл салынады. Сондықтан өңір полицейлері темір тұлпар тізгіндегендерге көлік дөңгелегін ауыстыруға кеңес береді.