200-ден астам маңғыстаулық студент ірі кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп жатыр. Олар университет қабырғасында оқып жүрсе де, алғашқы жалақыларын алып үлгерген. Бұл "дуалды оқыту" жүйесінің нәтижесі. Білім алушылар жоғары оқу орнында алған теориялық білімін өндіріс базасында тәжірибемен ұштастырады.