Жоғалған азамат табылды. Естеріңізге сала кетейік өңір тұрғыны 17 ақпан күні Жетібай-Жаңаөзен бағытының 66 шақырымында автокөлігі қарға батып, өзі жоғалып кеткен. Төтеншеліктер іздестіру жұмыстары барысында сол күні түскі сағат 12:30-да көлігінен 14 шақырым жерге ұзап кеткен азаматты тапқан. Өткен аптада облыс аумағында 8 көліктің қарға бату оқиғасы тіркелген. Құтқарушылар қар құрсауында қалғандарға көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге шығарған.