18 а шағынаудандағы "Premium Plaza" тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Қызыл жалыннан тұрғын үйдің 4-5 қабатының 50 шаршы метр сыртқы қаптамасы жанып кеткен.  Өрт басталғанда тұрғындар үйден өз беттерінше шыққан.  Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалынның шығу себебі анықталып жатыр. Отты сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері және 5 техника жұмылдырылды.