Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады. Еліміздің бірінеше өңірінде су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жаряланды. Алайда апат аумағынан жалған ақпарат таратып, халықты арандатушылар да кездеседі. Ал ол құтқарушылардың жедел әрекет етуіне нұқсан келтіреді. Заңға сай бұндай әрекет үшін 80 мыңнан 370 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.