"Aktau Life" бағдарламасы - риксоста!
«Ақтау LIFE» бағдарламасы енді бес жұлдызды Rixos қонақ үйінен эфирге шығады. Жаз бойы Каспий жағалауынан көрерменге жол тартқан жоба енді, хабар таратуды кеңейтіп, бұл жолы танымал демалыс орнының тыныс-тіршілігін таныстырмақ. Ақтаудан 20 шақырым жерде орналасқан кешен туристерге саналуан қызмет түрлерін ұсынады.