Құрықтағы мектеп пен аурухана жағдайы бақылауда
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданы, Құрық ауылына іс-сапармен барып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Аймақ басшысы алдымен былтыр шілдеде акт залының төбесі опырылып түскен мектеп-гимназиясының қазіргі жағдайымен танысты. Сондай-ақ Қарақия орталық аудандық ауруханасының материалдық-техникалық базасын көрді. Аймақ басшысы жауапты мекеме басшыларына қандай тапсырмалар жүктеді.